Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қазір мемлекеттік органдар мен банктер бірлесе отырып түзетулер әзірленгенін мәлімдеді.
Бұл өзгерістер жұмыс істеп тұрған коммерциялық банктерде тұрғын үй және құрылыс жинақтары үшін шот ашуға мүмкіндік береді.
"Мұндай мүмкіндік қаражатты тарту, жылжымайтын мүлік сатып алуға несие беру, сондай-ақ осы қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау және қамтамасыз ету шарттарын ескере отырып беріледі", – делінген хабарламада.
Сарапшылар бұл бастама халыққа тиімді ипотека алуға жол ашатынына сенімді.
Банктер пайыздық мөлшерлемені төмендетіп, тұрғын үй нарығында оң өзгеріс бола ма?