Баспана әлі де қымбаттап жатыр

1035

Зейнетақы жинақтарын алу айналасындағы дүрбелең саябырсыған соң нарықтағы жағдай көктемде тұрақталады деп болжанған еді. Алайда тұрақталатын түрі жоқ.

Баспана әлі де қымбаттап жатыр

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сүйенсек, желтоқсан мен маусым аралығында жаңа үйлердегі пәтерлердің бағасы 9, ал екінші нарықтағы баспана шамамен 15 пайызға қымбаттаған. Жалдау ақысы болса 7,5 пайызға өсіпті, деп хабарлайды Atameken Business.

Бүтін ел бойынша, шаршы метрдің орташа бағасы қазір – 338 мың теңге.

Қымбатшылық 14 облыс пен 3 мегаполистің бәрінде байқалады.

Сарапшылар жаңа пәтерлердің қымбаттап кетуіне құрылыс материалдарының  тапшылығы, тиісінше, бағаның аспандауы себеп дейді. Инфляция, яғни ұлттық валютаның құнсыздануы да әсер еткені анық. Тағы қандай факторлар бар? Баға арзандауы мүмкін бе? Толығырақ:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу