Баспана алуға көмекші платформалар пайда болды

1271

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспана бағасының негізсіз өсуінің алдын алу үшін бірқатар IT-шешімдер енгізгенін хабарлайды.

Баспана алуға көмекші платформалар пайда болды

"Е-Құрылыс" жүйесі онлайн-режимде қазаншұңқыр қазудан бастап пайдалануға бергенге дейінгі барлық кезеңдегі құрылыс барысын бақылауға мүмкіндік береді. Үлестік қатысу шарттарын есепке алу үшін "Қазреестр" енгізілді. Бұл арқылы баспана сатып алу кезінде арамза құрылыс салушыларды білуге болады.

"Е-Шаңырақ" платформасы – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілерінің бірыңғай жүйесі. Ол тұрғын үй қорын басқарудың ашықтығын, салаға мониторинг жасауды және талдауды қамтамасыз етеді.

"Маркетплейс" онлайн-платформасында компаниялар құрылыс материалдарын өндірушілерден делдалдарсыз, тікелей сатып ала алады.

"Жалпы саланы цифрландыру бойынша қабылданып жатқан шаралар бюрократияны төмендетеді және құрылыстағы рәсімдерді жеңілдетеді. Мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардың инвестицияларының қатысуымен салынатын объектілер құнының артуына жол бермеу үшін мемлекеттік сараптама порталында (epsd.kz) онлайн-калькулятор енгізе отырып, құрылысқа жұмсалатын шығындардың шекті лимиттері белгіленді. Сондай-ақ прайс-парақтардың орнына бірлі-жарым сметалық бағалар мен олардың анықтамалары әзірленіп жатыр", – деді министр Қ. Өскенбаев.

Министрдің айтуынша, бірлі-жарым сметалық бағалар мен олардың анықтамалықтары өңірлер бойынша объектілер құнының ауытқуын, сондай-ақ жобалау және жобалық-сметалық құжаттаманы сараптау кезеңдерінде бағасының артуын болдырмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу