"Баспана алып беремін": Астанада тұрғындарды сан соқтырған алаяқ ұсталды

224

Күдікті істеген ісін мойындаған. 

"Баспана алып беремін": Астанада тұрғындарды сан соқтырған алаяқ ұсталды Фото: freepik

Елордада алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мемлекеттік бағдарлама бойынша ипотекалық несие алуға көмектесемін деген сылтаумен 25 эпизод бойынша алаяқтық жасады деген күдікпен елорда тұрғыны анықтаоды.

"Жәбірленушілер келісімшартсыз күдіктінің банк картасына ақша аударған. Полицияға 44 жастағы елорда тұрғыны жүгінді. Алаяқ ипотекалық несиеге баспана алуға көмектесемін деп одан шамамен 2 миллион теңге көлемінде қаражат сұраған", - деп жазылған хабарламада.

Алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті істеген ісін мойындаған. Оның ақшаны жеке қажетіне жұмсағаны анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу