Алаяқтың сөзіне сенген тұрғын 1 млн 200 мың теңгесінен айырылды. Аңғал кісіні үй кезегіне тұруға көмектесетінін айтып, көндіріп уәдесінде тұрмаған, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
Өзінің алданғанын түсінген жәбірленуші құқық қорғау органдарына арыз жазады. Қазір 29 жастағы күдіктінің жеке басы анықталды. Оған ҚР ҚК 190-бабымен алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Айта кету керек, желтоқсан айының басында Ақтау қалалық әкімдігі баспана кезегінде тұрғандарға байланысты алаяқтық әрекеттің жиілеп кеткенін жариялап, ескерту жасаған еді. Қылмыскерлер өздерін әкімдік қызметкерлері ретінде таныстырып, ақша берсе тезірек баспана алуға уәде береді. Сөйтіп құрбандарын оп-оңай уысына түсіретін көрінеді.