Баспана арендасының 80 пайызын мемлекет субсидиялайды

1754

"Отбасы банк" тізіміне кімдер енуі мүмкін?

Баспана арендасының 80 пайызын мемлекет субсидиялайды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов арендалық баспана төлемін субсидиялаудың алдын ала шарттарын атады. 

"Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау аясында жыл соңына дейін арендалық төлемдерді субсидиялау механизмдеріне қатысты ұсыныстар дайындалады. Халықаралық тәжірибе әр түрлі елдерде тұрғын үй қорының 30 пайызын арендалық баспана құрайтынын көрсетеді. Қазақстанда бұл көрсеткіш 1,7 пайызды құрайды. Қазір бізде 530 мың адам баспанаға мұқтаждар кезегінде тұр. Бұл жерде  арендалық баспана құнының бір бөлігін ғана субсидиялау ұсынылып отыр. Оның көлемін, нақты қандай сан болатынын мемлекеттік органдармен қарастырып жатырмыз. Бұл 70-80 пайыз арасында", - деген министр қолдаудың кімдерге берілетінін "Отбасы банк" кезекте тұрғындардың бірыңғай тізбесі бойынша анықтайтынын жеткізді.

"Біз мына параметрлеге сүйенеміз. Арендаға алушының табысы күнкөріс минимумының бір дәрежесіне тең болуы керек. Күн-көріс минимумының қазіргі көлемі бір отбасы мүшесіне 658 мың теңге. Аренда мерзімі 5 жылға дейін болуы қажет. Арендадағы үйдің ауданы орта есеппен  60 шаршы метр болуы шарт. Яғни біз 40-тан 80 шаршы метрге дейінгі баспаналарды алып отырмыз. Әр өңірдің өзі бағасы болады. Қазір бұл механизмді барлық тиісті органдар пысықтап жатыр.  2020 жылдың аяғына дейін механизм "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша нақтыланады. Кейін оны Үкімет қаулысы бекітеді. Оған дейін бұл талаптар мемлекеттік органдардың, қоғам өкілдері мен қоғамдық кеңестердің қарауынан өтеді", - деді Бейбіт Атамқұлов.   

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу