Баспана бағасы 10 пайыз қымбаттауы мүмкін

1249

Статистика комитетінің дерегінше, өткен жылы орташа өсім деңгейі 5% асқан. Ал екінші деңгейлі нарықтағы көрсеткіш 7,5% жетті.

 Баспана бағасы 10 пайыз қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда алдағы 2 жыл ішінде баспана бағасы қымбаттауы мүмкін. Құрылыс саласындағы мамандардың болжамы осындай, деп хабарлайды 24.kz.

"Барлық материал Ресейден, таяу шет мемлекеттерден әкелінсе де, баға өсе бермек. Өйткені бүгінде бәрі АҚШ доллары бағамына тәуелді. Арматура, кірпіш, бетон мен травертин сияқты материалдарды көбіне сырттан жеткіземіз. Сондықтан қажет заттардың қымбат болуы нарық заңдылығы", – дейді , "Қазақстан құрылысшылар одағы" РЗТБ атқарушы директоры Азамат Қарлығашев.

Маманның айтуынша, баспана бағасы 2020 жылға дейін 10% қымбаттауы мүмкін. Бірақ бәрі де тағы сол АҚШ доллары бағамына байланысты.

Статистика комитетінің дерегінше, өткен жылы орташа өсім деңгейі 5% асқан. Ал екінші деңгейлі нарықтағы көрсеткіш 7,5% жетті.

Астананың Алматы ауданында шаршы метр құны  –  300 мың теңге. Сарыарқада  –  280 мың, ал елорданың сол жағалауы саналатын Есіл ауданында 330 мың теңге. Соңғысында бір бөлмелі пәтер бұрын 12 млн теңге тұрса, бүгінде шағын баспана қосымша 1,5 млн теңгеге қымбаттағанын аңғаруға болады" – дейді сарапшы Айнұр Молдахметова.

Осылайша, әр отбасы арманындағы қолжетімді баспанасын сатып алу үшін бюджетінде кем дегенде 13-14 млн теңгесі болуы керек. Аталған сома бұрын жарияланған ресми бағадан шамамен екі есе жоғары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу