Өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев тұрғын үй мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тілшілер министрден "Тұрғын үй бағасының арзандауы немесе қолжетімді болуы мүмкін нәрсе ме?" деп сұрады.
"Бұл нарық. Сұраныс пен ұсыныс бар. Министрлік нарықтық қарым-қатынастарға бақылау жүргізбейді. Біз баға белгілеуге жауапты емеспіз", - деді ведомство басшысы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.
Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп министрлігі құрылысқа ғана жауап беретінін баса айтты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу