Бұл туралы ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тілшілер спикерден тұрғын үй бағасы төмендей ме деп сұрады.
"Бағаның күрт төмендеуі байқалмайды. Өйткені кез келген жағдайда инфляциялық процесс тұрғын үй құнына әсер етеді. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үй алаңының өсу үрдісі байқалады. Құрылыстың орташа нақты шығындары да шамамен 2-3 пайызға өсті, бірақ мәмілелер саны азайды. Бағаның төмендеуін мәмілелер санының азаюымен байланыстырамыз. Жалпы алғанда, бағаның күрт өсуі немесе төмендеуі күтілмейді", - деді Бақытжан Жүнісбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.