Баспана бағасы қалай құбылуда?

1398

2021 жылдың 10 айында жаңа тұрғын үй бағасы 13,8%-ға қымбаттады. 

Баспана бағасы қалай құбылуда?

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2021 жылдың қазан айында жаңа тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 352 654 теңгені құрады. Бұл жыл басындағы көрсеткіштен 13,8%-ға, бір жыл бұрынғыдан 14,6%-ға артық, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұл ретте қайталама нарықтағы тұрғын үй жыл басынан қазанға дейін 19,6%-ға қымбаттап, 1 шаршы метр үшін 279 216 теңгені құрады. Ал жылдық өсім 23,7%-ға жетті. 

Қазан айында жалдамалы баспана ақысы 1 шаршы метрге 1888 теңге шамасына тұрақтады. Бұл жыл басындағы көрсеткіштен 15,1%-ға және бір жыл бұрынғыдан 16,9%-ға артық.

Ұлттық статистикалық бюро 2013-2020 жылдар аралығындағы үй бағасының динамикасы туралы мәліметтерді де келтірді.  Атап айтқанда, 2013 жылдан 2015 жылға дейін жаңа үй бағасы 9,6%-дан 15,8%-ға дейін қымбаттады. Тек 2016 жылы 3,6%-ға төмендеу тіркелді. Кейін 2017 жылдан 2019 жыл аралығында көрсеткіш 1,3%-дан 6,4%-ға дейін өсті. 2020 жылдың соңында бұл статистика 5%-ды құрады.

Қайталама нарыққа келетін болсақ, 2013-2014 жылдары баға 13,8%-дан 17,6%-ға қымбаттады. Содан кейін үш жыл ішінде төмендеу байқалды – 9,1%-дан 1,6%-ға жетті. 2018 жылдан 2020 жыл аралығында баспана бағасы 1,9%-дан 13,2%-ға қымбаттады.

 Ал жалдау ақысы бойынша статистикаға зер салсақ, 2013 жылдан 2016 жылға дейін – 13,7%-дан теріс 0,2%-ға төмендеді, ал 2017-2020 жылдар аралығында – 3,8%-дан 8,1%-ға өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу