Баспана бағасы өскен

755

Алматыда жаңа пәтердің шаршы метрі 337 мың теңгеге саудаланып жатыр. 

Баспана бағасы өскен

Баспана бағасы 1 млн теңгеге қымбаттады. Сарапшылар әлі де өсім жалғасады деген болжам айтуда, деп хабарлайды Atameken Business.

Алматылықтар арасында тұрғын үйге деген сұраныс артқан. Тек алғашқы жарты жылдықта 20 мыңға жуық пәтер сатылыпты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге көп.

Алматы тұрғын үйдің бағасы мен сұраныс бойынша елімізде көш бастап тұр. Баға соңғы 25 айдағы шекті көрсеткішке жеткен. Қазір қалада жаңа пәтердің шаршы метрі 337 мың теңгеге саудаланып жатыр. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 10 мың теңгеге қымбат.

"Крыша" сайтының мәліметінше, қолданыстағы үйлер жаңа пәтерлерге қарағанда қымбаттау.

"Ұсыныстың  орташа  бағасы, Нұр-Сұлтанда қайталама сатылатын үй 335 мың болса, Алматыда 383 мың теңгеге сатылуда. Егер клиент пен сатушы саудаласатын болса, баға тағы 5-10 пайызға төмендеуі мүмкін",– дейді "Крыша.kz" сайтының сарапшысы Алина Буравцева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу