Баспана бақыты таңдаулы топқа ғана бұйырып тұр

765

Қолжетімді ипотека бойынша Қазақстан 109 елдің ішінде 74-орында.  

Баспана бақыты таңдаулы топқа ғана бұйырып тұр

Property Prices Index by Country есебіне сәйкес, 2021 жылы ипотеканың қол жетімділігі бойынша Қазақстан 109 елдің ішінде 74 орынға ие болған. Олардың есептеуі бойынша, Қазақстанда 90 ш. м үй немесе пәтерді 20 жылға ипотекаға алғанда ай сайынғы төлем бір отбасының ай сайынғы кірісінен 1,5 есе асып кетеді, деп finprom.kz-ке сілтеме жасап inbusiness.kz хабарлайды.    

Ең қолжетімді ипотека Саудия, Пуэрто-Рико  және АҚШ сияқты елдерде. Бұл елдерде пиотека бойынша ай сайынғы төлем отбасына келетін кірістің 30 пайызынан да аспайды.   

Ал ЕАЭО елдері ішінде тиімді ипотека  65 орынға тұрақтаған Ресейде. Алайда бұл елдегі ай сайынғы төлем отбасы кірісінен 30,3 пайызға асып кетіп отыр.  Армения  93-орынға, Беларусь — 96-шы,  Қырғызстан — 98-орынға ораласты. Бұл елдердегі ипотека бойынша ай сайынғы төлем отбасы кірісінен 2,3, 2,5 және 2,6 есе асып кетеді.

Ең қол жетімді ипотека - Аргентинада (109-орын), мұнда ай сайынғы төлем отбасының кірісіне қарағанда 9,4 есе көп. Ипотекалық төлемдер отбасы кірістерінен 7,1 және 7,3 есе көп Иран 108- орында  және Сүрия 107-орында тұр.

Айта кетерлігі Қазақстан өткен жылдармен салыстырғанда ипотеканың қол жетімділік рейтингісін және ай сайынғы төлемнің отбасылық табысқа қатынасын жақсартты. Өткен жылы Қазақстан 104 елдің ішінде 80-орынға ие болды, ал төлемдер отбасылық табыстан 77% асып түсті, бес жыл бұрын - 102 елдің ішінде 78-ші орын, ал ипотекалық төлемдер отбасылық табыстан 2 есеге асып түсті.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу