Маңғыстау прокурорлары аяқталмаған құрылыс нысандары бойынша салымшылардың құқықтарын қорғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Бас прокуратураға сілтеме жасап.
"2020-2023 жылдар аралығында "Интерьер Строй Ақтау" ЖШС-і тұрғын үй құрылысының нысандары бойынша салымшылармен алдын ала сатып алу-сату келісім шарттарын жасасып, шамамен 5,5 млрд теңге көлемінде қаражатты иемденген. Алайда, тұрғын үй нысандары бойынша құрылыс аяқталмай, салымшыларға уәде етілген баспаналар берілмеген", – делінген ресми хабарламада.
"Интерьер Строй Ақтау" ЖШС-нің басшылары алаяқтық жасағаны үшін сотталған.
Прокуратура органдарымен "AQ QALA 2024", "Сұлтан-Жеңіс" және "Murager-Aktau" тұрғын үйлерінің салымшыларының мүддесін қорғау мақсатында пәтерлерді алдын ала сатып алу-сату келісім шарттарын бұзу, "Интерьер Строй Актау" ЖШС-нің құрылыс нысандарын тұрғын-үй құрылыс кооперивтерінің меншігіне беру туралы сотқа талап арызы берілді.
Ақтау қалалық №2 сотының 2025 жылғы 5 және 9 қыркүйектегі шешімдерімен прокуратураның талап арыздары қанағаттандырылды.
Сот шешімдері салымшыларға мемлекет қолдауымен құрылысты аяқтап, болашақта баспаналарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Осылайша, прокурорлармен алаяқтардан зардап шеккен 550 салымшылардың құқықтары қорғалды.