"Баспана Хит" ипотекасының пайыздық мөлшерлемесі төмендетілді

1025

Пайыздық мөлшерлемедегі өзгерістер жаңа клиенттерге ғана қатысты болады.

"Баспана Хит" ипотекасының пайыздық мөлшерлемесі төмендетілді

"Баспана Хиттің" пайыздық мөлшерлемесі 10,75% дейін төмендетілді, деп хабарлайды "Баспана" ипотекалық ұйымының баспасөз қызметі.

Бастама ҚР Ұлттық банкі 15 сәуірде базалық мөлшерлемені 9,0% деңгейге дейін төмендету туралы шешім қабылдағаннан кейін жүзеге асты.

Айта кетсек, "Баспана Хит" бағдарламасы бойынша жылдық сыйақы мөлшері бас банктің базалық ставкасына (ҚРҰБ базалық ставкасы +1,75%) байланысты болады.

"Пайыздық үстеме ипотекалық қарыз шартын жасау сәтінде тіркеледі және клиент үшін өзгеріссіз қалады. Баспана Хиттің ипотеканы 11%-бен алған борышкерлері ай сайынғы төлемдерді бұрын бекітілген кестеге сәйкес төлейді. Пайыздық мөлшерлемедегі өзгерістер жаңа клиенттерге ғана қатысты болады", – деді "Баспана" ИҰ басқарма төрағасының орынбасары Дархан Байқуатов.

Баспана Хит бойынша мақұлданған кредиттердің сомасы 25 млрд теңгеге жетті. Бүгінгі күнге дейін 3 113 қазақстандық осы ипотекалық бағдарлама бойынша пәтер алды.

Баспана Хит азаматтың меншігінде баспанасы болса да бастапқы не қолданыста болған тұрғын үйді алуға мүмкіндік береді. Ипотеканы 8 банк береді: Халық банкі, ЦентрКредит банк, Сбербанк, Цеснабанк, Еуразиялық банк, Forte Bank, Bank RBK және АТФБанк.

Азаматтардың ай сайынғы төлемдерін есептеуіне қолайлы болуы үшін Баспана Хит ипотекалық калькуляторы іске қосылды. www.baspanahit.kz.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу