"Баспана" ипотекалық компаниясы KASE-де 3 млрд теңге облигация орналастырды

897

"Баспана"  ипотекалық компания" АҚ    KASE-де 3 млрд теңге облигация орналастырды, деп биржа хабарлады.    

"Баспана"  ипотекалық компаниясы KASE-де 3 млрд теңге облигация орналастырды

Хабарламаға сәйкес, саудаға 4 қатысушыдан 6 өтінім келіп түскен. Оның ішінде 3 млрд теңгеге 4 өтінім қанағататтандырылды. Орташа өлшемді кірістілігі жылдық 9,2785%-ды құрады.

Белсенді өтінімдердің жалпы көлеміндегі екінші деңгейлі банктердің үлесі 60%, ал институциональдық инвесторлардың үлесі 40% болды.
Облигациялардың  нақты бағасы - 1 мың теңге. Өтеуге дейінгі мерзімі  - 292 күн. Небәрі -3 млн облигация.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылы әлеуметтік басталамардің бірі ретінде "7-20-25" жеңілдетілген ипотекалық бағадарламаны ұсынған болатын. Бағдарламаның операторы Ұлттық банктің еншілес ұйымы ­-   "Баспана"  ипотекалық компания" АҚ-ы.        

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу