Баспана кезегіндегі адамдардың бірыңғай базасы іске қосылады

1750

Қазіргі таңда баспана алу үшін әкімдіктерде 512 мыңға жуық адам кезекте тұр.

Баспана кезегіндегі адамдардың бірыңғай базасы іске қосылады Фото: primeminister.kz

Биыл жыл соңына дейін баспана кезегінде тұрған адамдардың бірыңғай республикалық базасы іске қосылады. Мұны премьер-министрінің орынбасары мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Жеңіс Қасымбек осы орайда "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асыру аясында тұрғын үй қандай тәртіппен берілетіндігін де  айтты.

Біріншіден көпбалалы отбасыларға ақысыз негізде жалдамалы тұрғын үй берілетін болады. Бұл үшін 2025 жылға дейін 350 млрд теңге бөлінеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес үкімет үш жылдың ішінде 30 мың пәтер бөлу бойынша шаралар қабылдайды.

Екіншіден, жыл сайын 3 мың 700 кезекте тұрған әлеуметтік жағынан осал азаматтарға сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етуге 32,8 млрд теңге бөлінеді.

Үшіншіден, "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша көпбалалы отбасыларға, толық емес және мүгедек балалары бар отбасыларға несие беруге 3 жыл ішінде "Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі" арқылы 50 млрд теңгеден бөлібек

"Қазіргі таңда баспана алу үшін әкімдіктерде 512 мыңға жуық адам кезекте тұр. Кезекті бірыңғай есепке алу тапсырмасы аясында жылдың соңына дейін кезекте тұрған адамдардың бірыңғай республикалық базасын қосамыз",– деді  Жеңіс Қасымбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу