Баспана құны 10 пайызға арзандайды

841

Баспана құны 10 пайызға арзандайды

Жыл соңына дейін баспана құны 10 пайызға арзандайды.

Қазақстандағы жылжымайтын мүлік федерациясының төрағасы Ермек Мүсреповтың айтуынша, жыл басынан бері жаңа үйлердің бағасы 25 пайызға төмендеген. Қазігі таңда Астана мен Алматыдағы әр шаршы метрдің орташа бағасы 290 мың теңгеден сатылуда. Ал, қайталама нарықтағы баспана аталған екі қалада бірден 35 пайызға түсіп, 220 мың теңгеге жеткен. Сарапшылар, басты себеп ретінде мемлекеттің тұрғынүй құрылысына қатысты кешенді шараларды қолға алғанын айтады. Сондай-ақ, мұнай бағасы мен Ресейге қарсы салынған санкцияның да бағаның төмендеуіне елеулі әсері бар дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу