Азияның төрт қаласындағы қалың бұқара үшін баспана құны тым жоғары: Гонконг, Мумбай, Бейжің және Шанхайдағы орташа табыс табатын халық 90 шаршы метрлік пәтер үшін 30 жылдан артық қаржы жинауына тура келеді, делінген Oxford Economics сараптама компаниясының есебінде.
Ең қымбат баспана рейтингінде Лондон бесінші орында тұр. Алдыңғы ондыққа Токио, Сингапур, Париж, Нью-Йорк және Сеул еніп отыр.
"Алдағы уақытта жалпы Азия бойынша баспана бағасының өсуі тұрақталып, кей жерлерде тіпті төмендеуі де мүмкін", – деп жазды Oxford Economics-тың экономистері Тяньцзе Хэ мен Луис Куйс.
Жекелеген елдерде ұсыныстардың көбеюі мен бағаның шектен тыс көтеріліп кетуімен қатар, пайыздық мөлшерлеменің құбылмалылығы да бағаға және ипотекалық несиелерге қол жеткізуге әсер етеді.
Сонымен қатар Токио мен Сеул қалаларының тұрғын саны алдағы 8 жылда азаюы мүмкін әрі ол баспанаға сұранысты әлсіретуі ықтимал.
Oxford Economics Мумбай, Шанхай, Бейжің, сондай-ақ Дели (10 орын) секілді қалаларда барлық жағдайда да 2016 жылы жалға беруден келген жалпы кіріс 10-жылдық мемлекеттік құнды қағаздардың кірістілігінен төмен болды. Сарапшылардың пікірі бойынша, Токио, Нью-Йорк, Сеул және Сиднейге (11 орын) қарағанда бұл қалаларда баспана сатып алуға бағаның тым жоғарылығын білдіреді.