Баспана мәселесін шешумен алдаған қаржы пирамидасының басшылары сотталды

497

"Shanyrak Plus" бағдарламасы бойынша 45 салымшының ешқайсы қажетті табыс, сондай-ақ тұрғын үй алмаған және жалпы залал сомасы 107 млн теңгеден астам қаражатты құраған.

Баспана мәселесін шешумен алдаған қаржы пирамидасының басшылары сотталды

Астанада "Best Road Investment" қаржы пирамидасының басшылары мен менеджері сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астана қаласының прокуратурасынан хабарлағандай, сотта мемлекеттік айыптаушы қаржы пирамидасының екі ұйымдастырушысы мен менеджерінің кінәсін дәлелдеді.

"Пирамиданың мәніне сәйкес, "Shanyrak Plus" бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу үшін 103 АҚШ долларын сала отырып  артынан екі салымшыны тартып және олардың әрқайсы өсу тәртібімен тағы екі салымшы шақыруы тиіс болған, осылайша иерархиялық құрылымдағы деңгей құруды көздеген", - делінген ведомтво хабарламасында.

Компания қызметінің барлық кезеңінде, яғни 2020 жылдың қазанынан бастап 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін "Shanyrak Plus" бағдарламасы бойынша 45 салымшының ешқайсы қажетті табыс, сондай-ақ тұрғын үй алмаған және жалпы залал сомасы 107 млн теңгеден астам қаражатты құраған.

"Сот үкімімен 7 жылға дейін коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда басшылық қызметтерді атқару құқығынан айыра отырып, ұйымдастырушылардың әрқайсысы 6 жылға, сыбайласы 5 жыл 6 айға  бас бостандығынан айыру жазасына сотталды", - делінген хабарламада.

Келтірілген шығын сотталғандардан өндірілді.

Қала прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұйымдарға жарна салудан бас тартуға шақырады.

Үкім заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу