Баспана жалдау ақысын субсидиялаудың мөлшері белгілі болды

1240

"Отбасы банктің" өкілеттері кеңейеді.

Баспана жалдау ақысын субсидиялаудың мөлшері белгілі болды

"Отбасы банктің" жанынан Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Индустрия ждәне инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, "Отбасы банк" базасында құрылатын Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталық баспанаға мұқтаждарды есепке алып, кезек бойынша баспана  бөлуді орталықтандырып, жүзеге асыруы керек.

"Тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі орталықтың базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқорларымен интеграцияланады. Базада қайта енгізуге жол берілмейді. Азаматтар мемлекеттік бағдарламаларға бір рет қана қатыса алады", - деді ол Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Тұрғын үй аясатының жаңа тәсілдеріне баспан жалдау ақысын субсидиялау және оның мөлшерін белгілеу мәселелері де көзделген екен.

"Жалдау ақысын субсидиялау тетігін іске асыру үшін "Отбасы банк" өкілеттерін күшейту ұсынылады. Бұл механзимде, сондай-ақ, жалға берілетін тұрғын үй пулдарын қалыптастыратын тұрғын үй қорын басқаратын және жалға алушылар мен шарттар жасасатын тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторын іске қосу ұсынылады. Жеке тұрғын үй қорының жалдау ақысынан 21 АЕК мөлшерінде жалға алу ақысын субсидиялау ұсынылады", - деді министр.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу