Баспанада үлесі бар кезектегілер мемлекеттік бағдарламалардан шығарылмайды

101

Өзгерістер ақпан айынан бастап күшіне енеді.  

Баспанада үлесі бар кезектегілер мемлекеттік бағдарламалардан шығарылмайды Фото: gov.kz

Тұрғын үй кезегінде тұрған және пәтерде немесе үйдің бір бөлігінде үлесі бар азаматтар мемлекеттен берілетін жеңілдікті ипотека мен жалға берілетін баспана алу құқығын сақтап қалады, деп жазады inbusiness.kz сайты naryk.kz порталына сілтеме жасап.

"Отбасы банкі" үлестік меншігі бар кезектегілерге қатысты тәсілді өзгерткенін хабарлады. Енді баспанада тіпті азғантай үлестің болуы кезектен шығаруға немесе мемлекеттік қолдау шараларынан бас тартуға негіз болмайды.

Бұған дейін қолданыста болған ережелер бойынша автоматты түрде бас тартылатын: егер адамның жылжымайтын мүлікте үлесі бары анықталса, ол жеңілдікті ипотекаға да, мемлекеттік жалдамалы үйге де құқығынан айырылатын.

Банктегілер бұл шешім азаматтардың көптеген өтінішінен кейін қабылданғанын түсіндірді. Тиісті нормалар әлі заң жүзінде толық бекітілмесе де, "Отбасы банкі" өз тәжірибесінде үлестік меншігі бар кезектегілерді ескере бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу