Баспанаға ақша салған тұрғындар аштық жарияламақ

737

Қарағандыда заңсыз салынған тұрғын үй сүріледі.

Баспанаға ақша салған тұрғындар аштық жарияламақ Фото: inbusiness.kz

Қарағандыда рұқсатсыз салынған тұрғын үйлер үлкен дауға айналды.

Сот шешімімен Қарағандыда заңсыз салынған тұрғын үй сүрілетін болды. Бұл үйден 30 отбасы пәтер сатып алған. Енді қыруар қаржы беріп қойған жұрт шырылдап жүр. Шілде айында тұрғын үйдің сүрілетіні жайында жұрт естіген. Алайда “ үмітсіз шайтан ғана ” дегенге сеніп келген жұрт енді жағдайдың ушыққанын түсініп “ аштық жариялауымыз мүмкін” деп отыр.

Бұл тұрғын үйді былтырғы жылы салып бастаған, келер жылы пайдалануға беріледі деген жоспар болған. Құрылыс екінші қабатқа жеткенде дау - дамай шығып жұмысы тоқтап қалады. Тұрғын үйден пәтер алу үшін 20 млн теңгеден астам қаражатты мердігерге төлеп қойған адамдар бар. 

“Мен осында 22 млн теңгені әкеп бердім , өз пәтерімді саттым, енді 150 мыңға пәтер жалдап тұрып жатырмыз. Отбасындағы жанжал осы пәтер дауынан шығады . Халал агенттік алдамайды деп сендік”,- дейді пәтерге ақша салған Жанар Ахметова.

Шенеуніктер мердігердің ешқандай рұқсатсыз мемлекет меншігінде тұрған жерге құрылысты бастап салғанын айтады. Сонымен қатар , биліктегілер құрылыс салушыға бұл жайында бірнеше рет ескерту жасаған. Бүгінгі таңда өз бетімен құрылыс салып бастаған мердігерге қатысты Қарағанды полициясы қылмыстық іс қозғаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу