Баспанаға қатысты баянсыз бағдарлама

396

Елімізде баспанасыз жүргендер саны 630 мың екен.

Баспанаға қатысты баянсыз бағдарлама Фото: inbusiness.kz

Бүгін таңертең БанкЦентрКредиттен "7-20-25" бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау басталмай жатып аяқталып, көпшілік құжат өткізе алмай қалды. Мыңдаған қазақстандық осылайша армандаған баспанасына қол жеткізе алмай дал, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Мыңдаған қазақстандық болашақ үйін таңдап, 25 жылға 7 пайыздық мөлшерлемемен несие ала алмай қалды. Ал көптің пікірі бұл әдейі жасалып отыр дегенге саяды. Банк адамның көптігін басты себеп деп отыр. 

Алайда несиеден қағылып, онсыз да ашу үстінде отырғандарға банк сайтындағы тағы бір келеңсіздік кедергі келтірген. Ол өтінім беру кезіндегі сайттың қазақша нұсқасының болмауы. Заңгерлер 35 жылдан астам тарихы бар қаржы институты бұл олқылығы үшін бар-жоғы 35 мың теңге айыппұл арқалап құтылатынына наразы. 

Елімізде баспанасыз жүргендер саны 630 мың екен. Бұл ресми түрде кезекте тұрғандары ғана. Көбі мемлекеттен тегін баспанаға үмітті. Ал өз күшімен үй алам дегендердің біразы бүгін үміттерін үзді. Армандарынан оларды тек санаулы секундтар ғана алыстатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу