Баспананы пайдалануға беру көлемі қай аймақтарда артқан?

366

Тағы үш өңірде тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны бәсеңдеген.  

Баспананы пайдалануға беру көлемі қай аймақтарда артқан?

Биылғы қаңтар-тамыз аралығында елімізде 10 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бұл 2022 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 13%-ға көп, деп жазады inbusiness.kz www.energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Тұрғын үйдің 92,3%-ын немесе 9,2 млн шаршы метрді жеке құрылыс салушылар пайдалануға берген.

Өңірлік тұрғыдан қарайтын болсақ, сектордағы ең жоғары өсім Ұлытау облысында тіркелді: +56,7%. Десек те, аймақ үлесіне тек 0,4% немесе 39,7 мың шаршы метр тұрғын үй тиесілі болған. Өсім бойынша үздік бестік қатарында Астана (+39,5%), Абай облысы (+28%), Алматы (+22,5%) және Қызылорда облысы (+19,8%) бар.

Республиканың 20 өңірінің 17-сінде тұрғын үйді пайдалануға беру қарқыны артқаны байқалып отыр. Ал Қарағанды, Маңғыстау және Атырау облыстарында көрсеткіштердің төмендегені тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу