Баспананы төтенше жағдайдан сақтандыру не үшін қажет

249

Қазақстанда су басу қаупі бар өңірлердегі баспаналарды міндетті сақтандырудан өткізу мәселесі қарастырылып жатыр.

Баспананы төтенше жағдайдан сақтандыру не үшін қажет Фото: canva.com

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов әзірге баспананы сақтандыру бойынша тетіктер әзірленіп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бірқатар қиындықтар бар, себебі осыған дейін елімізде бұл тәжірибе қолданылмады. Әлемдік тәжірибені қарайтын болсақ, елдерде оның әр алуан түрі бар. Жалпы алғанда, тұрғын үйдің көп бөлігі қауіпті аймақтарда екенін ескере отырып, бұл сақтандыру компаниялары алатын тәуекелдермен де байланысты. Біз олардың ол жаққа қуана бармайтынын түсініп отырмыз. Сондықтан сақтандыру жағдайы мен төлемдердің басталуына байланысты мәселелер бар", - деді ведомство басшысы.

Өз кезегінде оның әріптесі Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев баспананы сақтандыруды енгізу ықтимал апаттың алдын алуда көмегі бар деп есептейді.

"Біз баспана су тасқыны аймағында тұрған жағдайда оған сақтандыру қажет екенін айтып отырмыз, бұл барлық үйлерге қатысты емес. Мен тасқын аймақтарында үш, төрт қабатты үйлерді көрдім, бұл адамдар да мемлекеттен көмек алды", - деп атап өтті ведомство басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу