Бәссаудада оңтүстік аймақ үшін 2 ЖЭС жобасы таңдалды

853

Бәссаудада оңтүстік аймақ үшін 2 ЖЭС жобасы таңдалды

Кеше оңтүстік аймаққа арналған жалпы қуаты 10 МВт жел электр станциялары жобаларын іріктеу бойынша сегізінші аукцион өтті, деп хабарлайды энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

3 компаниядан 3 өтінім келіп түсті, жобалардың бірлік қуаты 4,95-тен 10 МВт-қа дейін. Өтінімдердің жалпы көлемі 19,95 МВт құрайды. Аукциондағы бастапқы баға – 22,68 теңге/ кВт/сағ. 3 сағаттық сессия ішінде тарифтердің ұсынылған диапазоны 22,67 тг/ кВт/сағ-тан 22,65 тг/ кВт/сағ. дейін болды.

Аукционда бақылаушылар ретінде ҚР энергетика министрлігінің, үкіметтік емес сектордың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бақылаушылар бәссауданы ұйымдастырушы – "Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы" АҚ-ның электронды сауда жүйесі жұмысының толық ашықтығын атап өтті. 
Электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша "Alcor Energy" ЖШС мен "Восток Ветер" ЖШС жеңімпаз боды.

 Келесі аукцион 2018 жылғы 6 маусымда өтеді.

Айта кетсек, Қазақстанда 2018 жылдың 23 мамырынан 7 маусымына дейін және 3-18 қазан аралығында жаңартылатын энергия көздері жобаларын іріктеу бойынша 1-халықаралық аукциондық сауда-саттықты өткізу жоспарлануда.
Аукциондық сауда-саттық, жаңартылатын энергия көздерін жоспарлы дамыту кезеңдерінің бірі бола отырып, ең тиімді жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздері объектілері арқылы өндірілетін электр энергиясына нарықтағы бәсекелес бағаны қалыптастыруға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу