Басшылар жемқорлықтың алдын алуда белсенді емес

1492

Ішкі істер, ауыл шаруашылығы министрліктері мен мемлекеттік кірістер комитеті жемқорлықтың алдын алу шараларын қабылдамай отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев осылай деді. 

Басшылар жемқорлықтың алдын алуда белсенді емес

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жемқорлықтың алдын алуда 
басшылары белсенді шара қабылдамайтын мемлекеттік органдар анықталды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша – ішкі істер және ауыл шаруашылығы министрліктері, сондай-ақ мемлекеттік кірістер комитеті осы тізімге енді. Мұны Transparency Kazakhstan әлеуметтік зерттеуінің және қылмыстық-тергеу практикасының нәтижеі растайды. Ішкі істер министрлігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуден бас тартып отыр", –  деді Алик Шпекбаев агенттіктің алқа отырысында. 

Оның сөзінше, ауыл шаруашылығы министрлігі жемқорлыққа қарсы кешенді мониторинг қорытындысы бойынша бұрынғыдай көш соңында. 

"Ведомство әсіресе ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау тәртібін жетілдіруге қатысты агенттік ұсынысын толық көлемде орындамайды", – деді Алик Шпекбаев. 

Агенттік төрағасы мемлекеттік кірістер комитетінің де жемқорлықтың алдын алу шарасы көңіл көншітпейтінін тілге тиек етті. 

"Жалпы, барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдар өз жұмысының жемқорлыққа қарсы әлеуетін өсіріп, қызметкерлері жемқорлық туралы ойлауға да мұрша бермейтін жағдай жасауға тиіс", –  деді Алик Шпекбаев. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу