Бассиру Диомайе Фай Африканың ең жас президенті болады

269

Бұл туралы Сенегал ұлттық автономиялық сайлау комиссиясы мәлімдеген. 

Бассиру Диомайе Фай Африканың ең жас президенті болады Фото: africa.tsargrad.tv

Сенегалдағы сайлауда оппозициялық кандидат 53 пайыздан астам дауыс жинады. Елдің қазіргі президенті Маки Сал мен басқарушы коалицияның өкілі Амаду Ба Диомайе Файды президенттік сайлаудың бірінші турындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Сенегалда бір күн бұрын өткен президенттік сайлауда оппозиция кандидаты Бассиру Диомайе Фай 53,7 пайыз дауыс жинады. Бұл туралы Сенегал ұлттық автономиялық сайлау комиссиясы мәлімдеген.

Диомайе Файдың басты бәсекелесі, басқарушы коалицияның өкілі Амаду Ба 36,2 пайыз дауыс жинады.

Бұл сайлау учаскелерінің 90 пайызында бюллетеньдерді санаудан кейін алынған алдын ала деректер екені атап өтілді. Сайлаудың ресми қорытындысы әлі жарияланған жоқ.

Бассиру Диомайе Фай 44 жаста. Егер ол Сенегал президенті болып сайланса, ол Африка тарихындағы ең жас президент болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу