Алақанды ысып, іс қылам деушілерге елімізде мол мүмкіндік жасалған. Бірқатар жобалар да сәтті іске асып та жатыр. Солардың арқасында қарапайым азаматтар сауатты кәсіпкер атануда. Өз істерін әр салада табысты жүргізіп, бағын тасытып, тасын өрге домалатып жатыр. Бір кездері қиял һәм арманымен шектелген әрекеттері ақиқатқа айналғандай. Оған "Бастау бизнес" жобасы септігін тигізуде. Игі бастама аясындағы әрбір 3-түлек өз ісін дөңгелетіп отыр. Бұл ақпараттар қаншалықты шындыққа жанасады? "Бастау бизнес" жобасы өзін-өзі ақтай алды ма? Оған кімдер қатыса алады? Шағын және орта бизнес өкілдеріне қандай жеңілдіктер жасалып жатыр?
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу