"Бастау бизнес" жобасына қатысты процестер автоматтандырылады

777

Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов цифрлық жұмыспен қамту орталықтарын енгізу жұмысы қалай жүріп атқанын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Бастау бизнес" жобасына қатысты процестер автоматтандырылады

"Жыл басынан бері жұмыссыз ретінде тіркеу, жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау және субсидияланатын жұмыс орындарына жолдама беру қызметі электронды еңбек биржасы арқылы толық автоматтандырылды. Осы уақыт ішінде 122 мыңнан астам азамат жоғарыда аталған қызметті онлайн-режимде алды. Оның ішінде 44 мың адам портал арқылы жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болды және 15 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алды", – деді министр. 

Серік Шәпкеновтің сөзінше, 2022 жылы "Бастау бизнес" жобасы бойынша процестерді автоматтандыру, мемлекеттік грант, микрокредит беру, жұмыс орнында және жұмыс берушінің тапсырысы бойынша оқыту жүргізу жоспарланып отыр. 

"Бұл жұмыспен қамту саласындағы барлық қолдау шараларын автоматтандыруды 100%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді", – деді министр. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу