"Елдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, халықаралық тәжірибені ескере отырып, Білім және ғылым министрлігі мен ЮНИСЕФ-тің ұсынымы бойынша, білім беру ұйымдарында оқыту форматы қайта қаралды. Осылайша, барлық мектепке дейінгі ұйымдар, бастауыш сынып оқушылары және қуаты 600 оқушыға дейінгі мектептер штаттық форматта оқиды", – деді Гиният сейсенбі күні үкімет отырысында.
Гинияттың айтуынша, оқыту форматын таңдау кезінде міндетті түрде вакцинациямен қамту деңгейі ескеріледі.
Сонымен қатар министр ЖОО мен колледждерде дәрістер онлайн режимінде, қалған сабақтар икемді кесте бойынша штаттық режимде өтетінін хабарлады.