Бастауыш сыныптар түгел қашықтан оқуға көшуі мүмкін

1147

Ауру анықталған сыныптар карантинге жабылып жатыр. 

Бастауыш сыныптар түгел қашықтан оқуға көшуі мүмкін

Бірінші тоқсан біткеннен кейін, мектепте оқып жүрген бастауыш сыныптар да қашықтан оқуға көшуі мүмкін.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят осылай деп отыр.

"Бастауыш сыныптар Білім және ғылым министрлігі атынан да, ата-аналардың өтінішімен де мектепте оқуға барған. Қазір  балалар осы санитарлық талаптарға сәйкес келтірілген мектептерде, сыныптарда оқып жатыр. Ауамен таралатын инфекция болғандықтан, балалардың арасында да осындай аурулар байқалуда.  Егер бір сыныпта бір бала ауырған болса, барлық сынып карантинге жабылады. Жабылып та жатыр. Қазір бірінші тоқсанның аяқталуына бір ай қалғандықтан, тоқсанды бітірсін деп отырмыз. Содан кейін  эпидемиологиялық жағдайға байланысты шешіледі", деді вице-министр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу