Басы дауға қалған Олжас Нұрмағамбетов қызметінен кетті

948

Олжас Нұрмағамбетов Щучинск қаласының әкімі қызметінен өз еркімен босатылды.

Басы дауға қалған Олжас Нұрмағамбетов қызметінен кетті Фото: Instagram/olzhas_nurmagambetov01

2 қазанда Олжас Нұрмағамбетов жұмыстан шығуға өз еркімен өтініш жазып, қызметінен кеткені белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz.

"Бурабай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 2 қазандағы шешімі негізінде Бурабай ауданы әкімінің өкімімен Бурабай ауданы Щучинск қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетовтың өкілеттігі тоқтатылды", - делінген Бурабай ауданы әкімдігінің Instagram-аккаунтында.

Сондай-ақ, Щучинск қаласының бұрынғы әкімі Instagram парақшасында өз шешіміне түсініктеме берді.

"Мен қиын болса да, қала әкімі қызметінен кету туралы шешім қабылдадым. Денсаулық жағдайына байланысты мен осы жауапты лауазымда жұмысымды, өкінішке орай, жалғастыра алмаймын", — деп түсіндірді Олжас Нұрмағамбетов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу