Танымал сазгер, ақын Құрманай Бақтиярқызы өмірінің соңғы сәтіндегі видеосы желіге тарады. Өнер иесі ауруханада жатып, халыққа дұға тілеуін өтінген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
“Бүгін тойға барамын деп ауруханадан шықтым. Басым айналып, құлап қала беремін. Қан қысымым да төмен болып тұр. Алланың дегені осы болды. Тұсаукесерге қатысамын деп жолдан макияж жасатпақ болғанмын. Ауырмайықшы! Тілекшілерім, мен үшін дұға жасаңыздаршы”, – деген әлеуметтік желіге салған видеосында.
Халық әртісі Мақпал Жүнісова Қ. Бақтиярқызымен соңғы рет тойда жолыққанын айтты.
“Осыдан бір ай бұрын Алматыда тойда жолығып қалған едік. Бұл жалған дүниеде бәріміз қонақпыз. Бүгін бар да, ертең жоқпыз. Аңқылдаған ақжарқын Құрманайжан, қош бол деуге қимасам да, амал қанша?! Артыңда қалған ата-анаңа, ұл-қыздарыңа қайғырып көңіл айтамыз. Иманың саламат болсын! Алла панасына алсын!”, – деп жазды әнші.