Басым бөлігі Түркістан облысында: елімізде жұмыссыз жастар көбейді

261

Жастарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша ең аз проблема Ұлытау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында.

Басым бөлігі Түркістан облысында: елімізде жұмыссыз жастар көбейді Фото: inbusiness.kz

Қазақстандағы жастар арасындағы жұмыссыздық жыл сайын азайған. Бір жылдан астам жұмыс таба алмай жүргендердің саны төрттен бірге қысқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы Finprom.kz порталы мәлімдеді.

Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздардың үлесі азайған. 2023 жылдың үшінші тоқсанында елімізде 15-28 жас аралығындағы 68,5 мың жұмыссыз азамат тркелген. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2% аз. Әсіресе, жас қыздар мен әйелдер арасындағы жұмыссыздар саны айтарлықтай төмендеді (17,6%).

Жастарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша ең аз проблема Ұлытау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында. Ал жұмыссыз жастардың саны Түркістан облысында айтарлықтай (65,1%) азайды. Жастардың жұмысқа тұруы Алматы, Астана және Алматы облысында қиын.

Жұмыссыздар тізімінде тұрған жас қазақстандықтардың басым бөлігі (18 мың адам) жұмысқа орналасуды бір айдан үш айға дейін күтеді. 14,9 мың адам алты айдан бір жылға дейін, 14,8 мың адам үш айдан алты айға дейін жұмыс іздеп жүреді. Бір жылдан астам жұмыс табуға талпынған қазақстандық жастардың саны бір жылда 24,8% азайып, 7 мың адамға жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу