"Басыма ешкім көк тас орнатпайды": Дана Нұржігіт оқырманға ой салатын жазба жариялады

1205

Дана Нұржігіт өз-өзін таңдады.

"Басыма ешкім көк тас орнатпайды": Дана Нұржігіт оқырманға ой салатын жазба жариялады Фото: kaz.caravan.kz

Танымал журналист, экс-сенатор Дана Нұржігіт оқырмандарына ойлы жазба арнады, деп жазады inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Журналистика мен билік баспалдағын басып өткен Дана Нұржігіт  өзінің осы күнге дейін ешкімнің ұсынысынан бас тартпаған айтты.

"Жатар алдындағы ойлар ғой… Кеше өзім үшін үлкен жаңалық болған оқиға басымнан өтті. Бұрын-соңды жасамаған ісім. Үлкен форумға қатысуым керек еді. Таңертең басымды көтере алмай, дел-сал боп ояндым. Алда қандай күн болатынын біліп, ұйымдастырушыларға қоңырау шалдым. Шынымды айттым. Басым солқылдап, жүрек айнып, жағдайымның болмай тұрғанын. Тұтқаның арғы жағындағы адам мені "естімеді". Түсінемін, бәрі ең алдымен өз жағдайын ойлайды ғой. Менің алдын ала ескерткенім дұрыс дегенім жайына қалды. Сенің хәліңді ойлайтын ешкім жоқ екен. Осы кезде мен өмірімде жасамағанымды жасадым. Не болса да эфир үшін жанпида деуші едім бұрын, сөз бердің бе, өл-тіріл, жаса дейтін едім! Осы жолы отырған орнымнан тапжылмай, солқылдаған басымды орап алып, бүк түсіп жатып алдым. Мұндай "Дананы" мен өзім де жаңа көріп тұрмын!" – деп жазады журналист.

"Менің жанұшырып жүгіргенім үшін басыма ешкім көк тас орнатпайды. Өмірі өзегім талып шапқылаймын да жүремін. "Тұра алмай жатырмын" дегенді еститін құлақ жоқ. Осы жолы мен өзімді таңдадым! Айттым бітті! Қазір! Дәл қазір мен өзіме керекпін! Мұндай кезде тек өзіңді таңда дедім өзіме!"

Одан кейін Дана Нұржігіт жасаған іс-әрекетіне өкінбегенін жеткізеді:

"Осыдан кейін білесіз бе, тіпті баяғыда өзімді-өзім жеп қоя жаздайтын кеудеңдегі құрт та өліп қалғандай, тым-тырыс болды да қалды. Айыпты болдым, ұят болды-ау деген ой да келмеді. Мен "жоқ" деп айта алатын болыппын. Өзімді таңдайтын болыппын деп рахаттанып қалдым! Кім не ойлайды деген "азаптан" азат болғаннан артық не бар?!" – деді Дана Нұржігіт.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу