"Басымды иіп, кешірім сұраймын!": Шатқалға қызының есімін қашап жазған шенеунік әрекетін түсіндірді

1654

Әлеуметтік желіде тарап кеткен бейнежазбағады азамат Ақтөбе қалалық зағиптар қоғамы мәдениет үйінің директоры болып шықты. 

"Басымды иіп, кешірім сұраймын!": Шатқалға қызының есімін қашап жазған шенеунік әрекетін түсіндірді Фото: видео скриншот

Ол бірінші тамызда еңбек демалысына шыққан. Аталған мәдениет үйінде былтырдан бері еңбек етеді. Әрі Ақтөбенің жұрты Манас Көшербаевты ағайынды Көшербаевтар дуетінің әншісі ретінде жақсы таниды. Ол 24 тамыздағы оқиғасын былай түсіндірді:

"Ассалаумалейкум, ардақты ағайын, қадірменді қазақ елі. Мен 24 тамызда Маңғыстау облысы,  Ыбықты сайда болған жағдайға байланысты түсініктеме бергім келеді. Жартаста неше түрлі есімдер мен сөздер жазылған. Әдепсіз сөзге көзім түсті де,  өшіруге келмегендіктен есімге айналдырғаным рас. Сол үшін басымды иіп кешірім өтінемін!

Ыбықты сай - Маңғыстаудың көркем жерлерінің бірі. Өкініштісі,  қараусыз қалған, еш белгі жоқ. Жолы өте нашар, жан-жағы қоқысқа толы. Керек десеңіз, сол әдемі, керемет үңгірдің ішіне дәрет сындырған, иісі  мұрын жарады. Сол жерден пайда көріп жүрген туристік фирмалар, ең болмағанда, айналасын таза ұстап, ескерту белгілерін іліп қойса деген өтініш бар" - деді Манас Көшербаев.

Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміндегілер директордың мәселесін арнайы комиссия қарайтын болатынын жеткізді. 

"Бейнезба шыққанан кейін өзімен  хабарластық. Әдеп кодексі бойынша, қоғамда қарсы пікір қалыптастыратындай әрекеттер жасамауы қажет. Лауазымды тұлға бола тұра сол кодекстің 11-бабын бұзуға жол берді. Және Еңбек кодексінің 64- бабы бойынша заңнамаларға  сәйкес тәртіптік жазаға тартылатын болады. Қызметтік тексеріс жүргізіледі. 64 бап бойныша,  ескерту,  сөгіс, қатаң сөгіс  және ол  кісімен еңбек шартын бұзу туралы  шаралар қолданыла алады," деді, Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлжайна Бисенғалиева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу