"Басын кесіп, кейін жерлеген": Маңғыстауда 59 жастағы ер адамды ұрлап, өлтірді деген күдікпен 2 адам ұсталды

546

Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктілер өлтірген адамның басын кесіп, көміп тастаған. Тағы бір күдікті ұстатпай қашып жүр.

"Басын кесіп, кейін жерлеген": Маңғыстауда 59 жастағы ер адамды ұрлап, өлтірді деген күдікпен 2 адам ұсталды Фото: astanatv.kz

Бұл ақпаратты полиция департаменті растады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Адам ұрлығы мен өлтіру деректері бойынша 2 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үшінші күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді", – дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.

Қамауға алынған екі күдіктінің біреуі бұрынғы әскери қызметші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу