"Басына қара шұлық киген": Астана тұрғыны стоматология клиникасына ұрлыққа түскен

251

Полиция күдіктінің жеке басын анықтады. 

"Басына қара шұлық киген": Астана тұрғыны стоматология клиникасына ұрлыққа түскен Фото: polisia.kz

Астанада 34 жастағы ер адам стоматологиялық клиникаға заңсыз кіріп, ұрлық жасаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адам мекеменің жабық тұрғанын пайдаланып, кілт таңдау арқылы ғимарат ішіне кірген. Жеке басын жасыру мақсатында қылмыс жасамас бұрын басына қара түсті шұлық киген. Клиникадан ол ноутбуктер, гаджеттер мен сейфті жасырын түрде алып кеткен. Келтірілген жалпы шығын шамамен 2 миллион теңге болды. 

Бет-жүзін жасыруға тырысқанына қарамастан, ер адам бүркеніш тақпай тұрып-ақ көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бейнежазбаларды зерделеу барысында полицейлер оның жеке басын анықтады. Ол 34 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. 

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу