Алматы қаласындағы Нұрлытау шағын ауданында көліктердің бірінен басына оқ тиген ер адамның денесә табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аталған жайтқа қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.
"Өзін-өзі өлтіруге итермелеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр", - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу