"Басынан теуіп, есінен танып қалды": Алматыда жолаушылар автобус жүргізушісін тепкілеп тастады

1560

Жанжалдасқандар көп ұзамай қолға түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Басынан теуіп, есінен танып қалды": Алматыда жолаушылар автобус жүргізушісін тепкілеп тастады Фото: Бейнежазбадан

Қоғамдық көлікте үш адам жолаушыны жабылып ұра бастаған. Осы кезде оларды автобус жүргізушісі сабырға шақыруға барған. Алайда, үш азаматтың бірі жүргізушіні мойынынан қылқындырып, сыртқа шығарып, басынан теуіп, талдырып тастаған.

Аталаған жағдай әлеуметтік желіде тарады.

"Олар жүргізушінің басынан тепкен соң, жүргізуші есінен танып қалды. Болған жағдайдан кейін олар қашып кетті. Жүргізуші есін жиған соң бетін жуып, адамдарды әрі қарай алып кетті", – делінген жазбада.

Полиция болған жанжалға қатысты Жетісу ауданының полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

"Төбелеске қатысқандардың жеке басы анықталды. Жанжалдың алдын ала мән-жайы белгілі болды. Олардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі", – деп мәлімдеді полиция.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу