"Басында сенбедім": Шымкентте екі қызметкер жігіт науқас қыздарды зорлаған болуы мүмкін

1108

Шымкент қаласындағы Психикалық денсаулық орталығының екі қызметкері уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Басында сенбедім": Шымкентте екі қызметкер жігіт науқас қыздарды зорлаған болуы мүмкін Фото: Бейнежазбадан

Күдіктілер науқас қыздарды зорлады деп айыпталып отыр.

Полицияға алдымен шизофрениямен ауыратын 17 жастағы қыздың анасы хабарласқан. Ол қызының сондағы қызметкерлерден зорлық көргенін айтқан.

"Соңғы кездері жатып қалатынды шығарды. Не болды дегенімде, ештеңе айтпады. Тек телефон ұстап жата берді. Кейін құсып бастады. Ауырып жүрген шығар деп ойладым. Сосын күдік пайда болды, УЗИ-ге бардық. Басында сенбедім, тағы бір жерге барғанда 10 апта 4 күн деп жазып берді", – дейді анасы.

Дәл осындай жағдайды сол мекемеде емделген 21 жастағы науқас қыз да бастан өткерген.

Шымкент қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Бағлан Исатаева тергеудің жалғасып жатқандығын мәлімдеді.

"Полиция психиатриялық ауруханада зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта кешенді тергеу шаралары жүргізілуде. Екі күдікті сот санкциясымен қамауға алынды", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу