"Басып кет": Алматыда құжатсыз көлік басқарған жасөспірімдер ұсталды

369

Жасөспірімдердің ата-аналары жауапкершілікке тартылды. 

"Басып кет": Алматыда құжатсыз көлік басқарған жасөспірімдер ұсталды Фото: видео скриншот

Әлеуметтік желіде көлікті құжатсыз басқарып, жол ережелерін өрескел бұзған жасөспірімдердің бейнежазбасы тарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жас жүргізушілер өз іс-әрекеттерін видеоға түсірген. Бейнежазбада жасөспірімдердің бірі адамды "басып кет" деп айқайлайды.

"Басып кет" деген көңілді нотада Алматыны аралап, 10 сынып оқушысы Mercedes-Benz көлігін басқарған. Ол енді Kia Rio көлігін айдап жүр. Оның анасы баласының не істеп жүргенінен хабардар секілді", - делінген жазбада.

Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласының Полиция департаменті түсініктеме берді.

"Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамдардың көлік жүргізу фактісі бойынша жергілікті полиция қызметкерлері құқық бұзушыларға қатысты шара қолданды: ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша әкімшілік іс жүргізу материалы жиналды. Сонымен қатар балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жасөспірімдердің ата-аналары жауапкершілікке тартылды. Ата-аналардың балаларының бос уақытын бақылауы және олардың қандай да бір заңсыз әрекеттерге жол бермеуі өте маңызды", - деп хабарлайды департаменттен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу