"Батуми теңіз порты" арқылы жүктерді ауыстырып тиеу көлемі 1,8 млн тоннаға жетті

118

"Батуми теңіз порты" 2026 жылдың бірінші тоқсаны бойынша өндірістік қызметінің қорытындысын жариялады.

"Батуми теңіз порты" арқылы жүктерді ауыстырып тиеу көлемі 1,8 млн тоннаға жетті Фото: kmg.kz

Қаңтар-наурыз айларында порт арқылы жалпы 1 млн 813 мың тонна жүк өңделді, бұл жоспардың 102%-ына сәйкес келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жүк айналымының құрылымында ең үлкен үлес контейнерлік тасымалдарға тиесілі болды – 1 млн 49 мың тонна (жоспардың 140%). Құрғақ жүктердің көлемі 431 мың тонна (103%), паромдық жүктер – 105 мың тонна (166%), ал мұнай жүктері – 227 мың тонна болды.

Компанияның мәліметінше, бірінші тоқсан нәтижелері өндірістік көрсеткіштердің тұрақты өсімін көрсетіп, бюджетке түсетін түсімдердің артуына ықпал етті. Бұл кезеңде порт бюджетке 965 мың лари (шамамен 357 мың АҚШ доллары) аударды.

Кәсіпорын аймақтағы ірі салық төлеушілердің бірі болып қала беруде және "ҚазТрансОйл" АҚ үшін Грузиядағы маңызды актив саналады.

Айта кетейік, "ҚазТрансОйл" компаниясы "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясына тиесілі. Ал ҚМГ "Самұрық Қазына" ұлттық әл-ауқат қорына еншіліс компания.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу