Батуми теңіз портының жұмысшылары ереуілдеуді тоқтатты

883

Батуми теңіз портының жұмысшылары ереуілдеуді тоқтатты

Аштық жариялаған Батуми теңіз портының жұмысшылары ереуілдерін тоқтатты, деп хабарлайды  "ҚазТрансОйл" АҚ баспасөз қызметі.

"Мұндай шешімге Батуми теңіз портының жұмысшылары мен кәсіподағы, Аджария Автономдық Республикасының билік өкілдері және "Батуми мұнай терминалы" жауапкершілігі шектеулі ұйымы басқарушы компаниясының жетекшілігі қатысқан келіссөздер нәтижесінде қол жеткізілді.  Жағдайды ретке келтіру барысы туралы қоғам мен БАҚ-қа хабар беріліп отырады", - деп хабарлады компаниядан.

Айта кетсек, "ҚазТрансОйл" АҚ-ның басқаруындағы Батуми теңіз портында жұмысшылар наразылық танытқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу