Батумиде қатты дауылдан бір адам қаза тапты

395

Метеорологтардың айтуынша, желдің екпіні секундына 20-25 метрге жетті. 

Батумиде қатты дауылдан бір адам қаза тапты Фото: realt.onliner.by

Кеше кешке Грузияның Батуми курорттық қаласы мен оның маңында қатты дауыл болды. Куәгерлердің айтуынша, желден үйлердің шатырлары ұшып, ағаштар мен жарнамалық құрылымдарды құлаған. Бір адамның мерт болғаны белгілі болды, деп жазады Inbusiness.kz netgazeti.ge сайтына сілтеме жасап.

Табиғи апат салдарынан ондаған тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттар шатырларынан айырылды, ағаштар құлады.

Олардың біреуінің Кобулетидегі көлікке құлауы салдарынан бір адам қаза тапты.

Қаланың бірнеше тұрғындары әртүрлі жарнамалық құрылымдардың құлауынан зардап шекті. Сондай-ақ, дауылға байланысты ұшақтар жергілікті әуежайға қона алмады. Батуми портында бос контейнерлер аударылып қалды. Кейбір аудандарда жарық бірнеше сағатқа өшіп қалды. Ауа-райының қолайсыздығы бірнеше күнге созылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу