Батут аударылғанда жараланған балалар жан сақтау бөлімінде жатыр

736

Батут аударылғанда жараланған балалар жан сақтау бөлімінде жатыр

Батут аударылған кезде жараланған балалардың біреуіне операция жасалады, деп хабарлайды 24.kz.
Кеше Астанада "Жаннұр" сауда орталығы маңында батут аударылып, 5 бала зардап шеккен еді. Алдын ала болжам бойынша аттракцион қатты желден бірнеше ондаған метрге дейін ұшып кеткен.

Оқыс жағдай кешкі бестің кезінде болды. Жапа шеккен балақайлар дереу екінші ауруханаға жеткізілді. Ал батут иесін полицейлер тергеуге алып кетті. Қауіпсіздік шараларының қаншалықты сақталғаны алдағы уақытта белгілі болады.

Оқиға орнында жұмыс істеген құтқарушылар ауа райының қолайсыздығына қарамай, балаларын батутқа жіберген ата-аналардың бұл әрекетін де сынға алды. Қазір белгілісі, зардап шеккен бір балаға ақ халаттылар операция жасағалы отыр екен.

"Қазір балалардың төртеуінің жағдайы ауырлау. Жансақтау бөлімшесінде жатыр. Әкеле салып жатқызылған. Бір бала бет жарақаты бөлімшесінде жатыр. Оның жалпы жағдайы орташа. Бір балалы қазір диагностикадан кейін операцияға аламыз. Ол бас жарақатын алған", - дейді 2-балалар ауруханасының бас дәрігері Біржан Досмайылов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу