19-25 қараша күндері Жапония астанасы Токиода батуттағы гимнастикадан лицензиялық әлем чемпионаты өтеді, деп жазады Olympic.kz.
Аталған әлем біріншілігінде бір жылдан соң Токиода басталатын Олимпиада ойындарына жолдама таратылады.
Әлемдік сынды 1-ден 8-ші орынға дейінгі аралықта аяқтаған гимнастар автоматты түрде 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігін алады.
Дүниежүзілік додадаға Қазақстан командасы да қатысады. Лицензиялық әлем чемпионатында Пірмаммад Әлиев, Даниил Мұсабев, Игорь Грачев және Данияр Түсіповтен сынға түседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу