Батуттағы гимнастикадан Олимпиада ойындарына жолдама бұйырмады

753

Жапония астанасы Токиода батуттағы гимнастикадан 34-ші әлем чемпионаты өтуде. 

Батуттағы гимнастикадан Олимпиада ойындарына жолдама бұйырмады

2020 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия беретін турнирде қазақстандық спортшылар іріктеуден өткен жоқ, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан сапынан ең жоғарғы нәтижені тіркеген Данил Мұсабаев. Ол 108.390 ұпаймен 31-ші орынға тұрақтады. Пирмаммад Алиев 38-ші, Данияр Түсіпов 79-шы, Игорь Грачев 96-шы сатыда. Әзірге Беларусь және Қытай спортшылары көш басында тұр.

Еске сала кетейік, батуттағы гимнастикадан әлем чемпионатында 1-ден 8-ші орынға дейінгі спортшыларға Олимпиада жолдамасы беріледі.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу