Батуттан құлаған балалардың екеуі жансақтау бөлімінен шығарылды

962

Батуттан құлаған балалардың екеуі жансақтау бөлімінен шығарылды

Елордадағы №2 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері Біржан Досмайылов жел ұшырған батуттан зардап шеккен балалардың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Өздеріңіз білетіндей, қазіргі уақытта біздің ауруханада бес бала жатыр. Бір бала жансақтау бөлімінде. Балалардың төртеуі профильді бөлімшелерге ауыстырылды. Бүгінгі күнге дейін, яғни мереке күндері үш бала жансақтау бөлімінде болатын. Сондықтан, жағдайларының тұрақталуына байланысты бүгін екі баланы профильді бөлімшеге ауыстыру туралы шешім қабылданды. Бұған дейін үш бала ауыр жағдайда болып, жансақтау бөліміне жатқызылған еді", - деді бас дәрігер бүгінгі баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, 4 мамырда елордада "Жаннұр" сауда үйі аумағындағы батутты қатты жел ұшырып, 5 бала зардап шекті. Батут күрделі конструкциялы болған, жалпы ауданы 200-250 шаршы метр.

ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті ата-аналарға өз балаларының тағдырына жауапкершілікпен қарауға шақырды. Себебі ата-аналар ауа райының қолайсыздығын көре тұра оларды батутқа ойнауға жіберген.

Одан кейін мәлім етілгендей, "Жаннұрдағы" жағдайдан соң еліміздегі барлық аттракциондар тексеруге алынатын болады.

Ал Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев зардап шеккен балалардың хал-жағдайын білу мақсатында қалалық №2 балалар ауруханасына барып, кінәлілердің жазаға тартылатындығын айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу